$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.08.2021, 17:03
Жаңалықтар

Семейде қарызы бар борышкерлер жылудан ажыратылады

Бүгінгі таңда жылу бойынша қарыз 375 миллион теңгені құрайды

Семейде қарызы бар борышкерлер жылудан ажыратылады

Семейде қарызы бар борышкерлер жылудан ажыратылады, деп хабарлайды Semey News.

375 миллион теңге қарыздың 250 миллионнан астамы жеке тұлғаларға тиесілі болса, қалған 124 миллионнан астамы заңды тұлғалардыкі.

«Біз жүз мың теңгеден астам қарызы бар абоненттерді өшіреміз. Қарызы жүз мыңнан аз тұрғындармен сот орындаушылары айналысады. Жылыту маусымының соңында біз төлем жөнінде хабарлама жіберіп, оған бір-екі ай төлемді жабу үшін уақыт беріледі. Алайда, тұрғындар бұл хабарламаны мүлде елемейді. Нәтижесінде төлемегені үшін жылудан ажыратылады. Бұл келісім-шартта көрсетілген. Мысалы, қазіргі уақытта біз Чайковский көшесіндегі объектіде тұрмыз. Бұл абонентке бірнеше рет оның қарызы 276 мың теңге екендігі туралы хабарлама берілді. Берешек төленбеді. Енді біз жылу камерасында көрінетін үзіліспен жылуды өшірдік. Енді тұтынушы толық қарызын өтегенде ғана, жылу қайта қосылады», – дейді Семей қаласының жылу инспекциясы бастығының орынбасары Ерік Райымжанов.

Қайта қостыру үшін абонент 70 мың теңгеге, тіпті одан да жоғары сомаға шығындалмақ. Заңды тұлғалар үшін қайта қосылу бағасы қымбат болады. Жақын арада борышкерлердің пәтерлерін аралап, ажырату жүргізілмек.

Серіктес жаңалықтары