$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.07.2021, 15:14
Жаңалықтар

Дауыс берушілердің 69 пайызы келді – Көкшетаудағы Станционный елдімекені

Халық оң өзгерістерден үмітті дейді бақылаушы

Дауыс берушілердің 69 пайызы келді – Көкшетаудағы Станционный елдімекені

Дауыс беруге құқылы 1 858 тұрғынның 69 пайызы келіп, өз таңдауын жасады. Бұл туралы Azattyq Rýhy тілшісіне №50 сайлау учаскесінің бақылаушысы Бауыржан Ибраев айтты.

«Көкшетау қалалық әкімдігіне қарасты Станционный елдімекенінде бір ғана сайлау учаскесі бар. Өзін ұсынған 2 және «Nur Otan» партиясынан бір депутаттан әкім сайлауға 1 858 тұрғынның тізімі берілді. Қазір тізімнің 69 пайызы келіп үлгерді. Халықтың көңіл-күйі жақсы. Олар сайлаудан кейін оң өзгерістердің боларынан үмітті. Қолдау тауып, елдімекендегі өмір сүру сапасы артсын деген тілекпен, мәселелер шешімін тапсын деген ниетпен келіп дауыс беруде. Зейнет жасындағы кей қарияларға үйден дауыс беру мүмкіндігі берілді. 18 жасқа толып, алғаш рет дауыс берген жастар да болды. Маска режимі, температураны өлшеу, КВИ бойынша статус анықтау – карантиннің барлық талаптары сақталып жатыр», - деді Бауыржан Қайыркенович.

Еске салайық, бүгін таңғы 7.00-ден бастап республика бойынша ауыл әкімдерін сайлау өтіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары