$ 529.65  544.64  5.16
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.07.2021, 15:31
Жаңалықтар

Аршалы және Целиноград ауданы: сайлауға келуші халықтың белсенділігі төмен

15:00-дегі жағдай бойынша, дауыс берушілердің 25-30 пайызы келген

Аршалы және Целиноград ауданы: сайлауға келуші халықтың белсенділігі төмен

Ақмола облысы Аршалы ауданына қарасты Бірсуат ауылында сағат 15.00-дегі есеп бойынша, тұрғындардың 30 пайызы, ал Целиноград ауданы, Оразақ ауылында 25 пайызы ғана өз даусын берді. Бұл туралы сайлау учаскелеріндегі өкілдер айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Біздің ауыл бойынша әкім қызметіне сайлауға түсіп жатқан 3 кандидат бар. Тізім бойынша 510 дауыс берушінің 200-ге жуығы өз таңдауын жасады, яғни 30 пайызы. Жалпы, тұрғындар арасында ешқандай теріс пікір, қарсылық жоқ. Бәрінің көңіл-күйі жақсы. Мен өзім зейнет жасындағы қариялардың үйіне барып, дауыс қабылдап алып жатырмын», - деді Бірсуат ауылындағы №138 сайлау учаскесінің бақылаушысы Сәуле Жәкенова.

«Жалпы белсенділік төмен. Халық аз келіп жатыр. Оразақ ауылы бойынша 825 дауыс беруші бар, қазіргі уақытта оның 25 пайызы ғана өз дауысын берді. Кандидаттардың арасында 2-і өзін ұсынған, қалған біреуі «Ақ жол» партиясынан», - деді Оразақ ауылындағы 674-сайлау учаскесінің бақылаушысы Нүрдида Махметова.

Серіктес жаңалықтары