ШұғылӨткен тәулікте 3000-ға жуық адамнан КВИ анықталды

Қарағанды және Жамбыл облысы: сайлаушылар белсенділігі айтылды

Аумақтық сайлау комиссиялары түске дейінгі ақпаратты ұсынды

Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:00-дегі жағдай бойынша аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдерін сайлауда Қарағанды облысы бойынша тізімдегі тұрғындардың 23%-ы және Жамбыл облысында 56 %-ы дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Жамбыл облысында 80 сайлау учаскесінде саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдардан және БАҚ өкілдерінен 500-ден астам байқаушы бар. Елорда уақыты бойынша сағат 12:00-де сайлау тізімдеріне енгізілген сайлаушылардың 56%-ы дауыс берді. Яғни, бұл көрсеткіш 104 391 адамды құрайды», - деді Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов.

Сондай-ақ, ОКҚ алаңында өткен брифингте сайлаушылардың Қарағанды облысы бойынша үлесі айтылды. Орталық облыста ауыл әкімдерін сайлау 13 ауылда, 17 кентте және 45 ауылдық округте – барлығы 149 сайлау учаскесінде өтуде.

«Сайлау кезеңінде ауыл әкімдігіне барлығы 303 кандидат ұсынылып, 257 кандидат тіркелді», – деп атап өтті облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мәдина Апиева.

Айта кетерлігі, Қарағанды облысы бойынша сайлаушылар тізімінде 80 мыңнан астам азамат бар. Ал сайлау комиссиясы 952 мүшеден тұрады.