КВИ таралуы бойынша тағы бір облыс «қызыл» аймаққа енді
Өткен тәулікте елімізде 3695 адамнан коронавирус анықталды
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 11 шілдеде жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қостанай облысы «қызыл» аймаққа енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтқанда:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары тұр;
«Сары» аймақта: Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр;
«Жасыл» аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары тұр.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 3695 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 454825 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 41 адам көз жұмды.