Коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 41 қазақстандық көз жұмды
Қазіргі уақытта COVID-19 вирусын жұқтырған 795 адам ауыр жағдайда жатыр
Денсаулық сақтау министрлігі 11 шілдедегі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.
Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 38 адам қайтыс болды.
11 шілдедегі мәлімет бойынша, 39 619 адам коронавирус инфекциясынан (–38 171 + және 1448 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 12 910 пациент стационарда, 26 709 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 795 адамның жағдайы ауыр,
• 175 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 102 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүйенсек, 9 шілдедегі мәлімет бойынша 118 жаңа жағдай тіркелді, 60 адам жазылып шыққан, 3 адам көз жұмды.
Жалпы, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап:
науқастар саны – 57860;
өлім жағдайы – 1029;
барлығы 52923 адам сауығып шықты.