11.07.2021, 12:34
Жаңалықтар
Қазақстанда вакцина салған тұрғындар саны 4 млн 320 мыңға жуықтады
Вакцинациялау бойынша өңірлер арасында Алматы қаласы көш бастап тұр
Фото: Известия.ру
11 шілдедегі мәлімет бойынша Қазақстанда 4 319 897 адам COVID-19 вирусына қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгінгі таңда елімізде 4 319 897 адам коронавирус вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Екінші компонентті салдырғандар саны 2 422 378 адамға жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.
Халықты вакцинациялау бойынша өңірлер арасында бұрынғыша Алматы қаласы көш бастап тұр. 587 797 алматылық тұрғын вакцинаның бірінші компонентін алып үлгерген.
Ал ең аз вакцина салынған өңір ретінде тағы да Маңғыстау облысы тіркелді. Бұл облыстағы тек 77 225 адамға вакцинаның бірінші дозасы егілген.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды
11.11.2026, 16:42
«Үйімізге 22 жыл бұрын күннің нұры келіп еді»: марқұм Нұрай Серікбайдың ағасы 11 қарашаны қарындасын еске алу күні деп бекітпек
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды