$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.06.2021, 12:08
Жаңалықтар

Жерді жекеменшікке беру: Сенат мораторий мерзімін 5 жылға ұзарту туралы ұсынысты мақұлдады

Мораторий мерзімін 5 жылға созу туралы ұсынысты Жер реформасы жөніндегі комиссия берді

Жерді жекеменшікке беру: Сенат мораторий мерзімін 5 жылға ұзарту туралы ұсынысты мақұлдады
көрнекі фото

Сенаттың кезекті отырысында ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке беру бойынша енгізілген мораторийді 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзарту ұсынылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бесінші отырысында қазақстандықтарға қатысты мораторий нормалары бойынша, сондай-ақ жер заңнамасын жетілдіру мақсатында Жер реформасы бойынша комиссия құруды тапсырды.

«Комиссия құрамына Парламент депутаттары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының және ауыл шаруашылығы саласындағы қауымдастық өкілдері, қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, журналистер және агробизнестің беделді азаматтары енгізілді. Жер комиссиясының құрамына барлығы 80 адам кірді, олардың 75% азаматтық қоғам өкілдері және тәуелсіз сарапшылар болды», - деді Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров.

Вкедомство басшысының айтуынша, комиссия 25 наурызда басталған жұмысын 24 сәуір күні аяқтады. Барлығы 5 отырыс өткізіліп, 120-дан астам ұсыныс айтылып, жер заңнамасын жетілдіру бойынша бірқатар жүйелі ұсынымдар әзірленген.

Әзірленген заң жобасының мақсаты - жер заңнамасын жетілдіру, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жалға алу институтын реттеу және жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды күшейту болып табылады.

Заң жобасының негізгі өзгерістері мен толықтырулары:

  • қазақстандықтарға және қазақстандық заңды тұлғаларға ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді 49 жылға дейінгі мерзімге жалға беру;
  • жалға алу мерзімі аяқталған кезде оны жаңа мерзімге ұзарту құқығын беру;
  • мемлекеттен сатып алмай, жер пайдаланушылар арасында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге жалдау құқығын иеліктен шығару.

Бұл ретте, оларды пайдалану мерзімі кемінде 5 жыл, сондай-ақ жер қатынастары органдарын хабарлау міндетті шарт болады;

  • Жер ресурстарын басқару комитетіне жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылау функцияларын әкімдіктерден қайтару;
  • ауыл шаруашылығы жерлерінің нысаналы мақсатын «бақ шаруашылығы» және «саяжай құрылысына» өзгертуге тыйым салу;
  • жер беру комиссиясының хаттамалық шешіміне шағымдану мерзімін белгілеу бойынша нормаларды нақтылау;
  • халықтың мұқтажын қанағаттандыру мақсатында, жергілікті жағдайларды ескере отырып, жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарларда, қажетті жайылым алқабының шекарасын айқындау;
  • берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері туралы мәліметтерді мемлекеттік жер кадастрының интернет - ресурсында ашық түрде орналастыру;
  • ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қазақстандықтарға жеке меншікке беруге мораторийдің қолданылу мерзімін 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзарту.

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің аталған ұсынымдары Сенат отырысының бірінші оқылымында мақұлданды.

Әсел Оршыбекова, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары