ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 7,5 мың адам коронавирус жұқтырды

Тоқаев бір аптаға созылатын демалысын қайда өткізбек?

Былтыр Президент пандемияға байланысты демалған жоқ

Фото: instagram.com/tokayev_online/

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шілде айының ортасында демалысқа шығуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Sputnik-ке ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты.

«Мемлекет басшысы шілденің ортасында бір аптаға демалысқа шығуды жоспарлап отыр. Президент демалысын Қазақстан аумағында өткізеді. Өздеріңізге белгілі, былтыр коронавирус пандемиясына байланысты Қасым-Жомарт Кемелұлы демалған жоқ», - деді Уәли ресми сауалға берген жауабында.

Президенттің баспасөз хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент лауазымына кіріскен сәттен бері екі жыл және үш ай ішінде тек бір рет, 2019 жылдың шілдесінде үш күндік қысқа мерзімді демалысқа шыққанын еске салды.

Еске салайық, 2020 жылдың 10 шілдесінде Үкіметтің кеңейтілген отырысына төрағалық еткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрлер мен әкімдерге және Президент әкімшілігі өкілдеріне жыл соңына дейін еңбек демалысына шықпауды тапсырды.