$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.07.2020, 14:37
Үкімет

«Дағдарыс ушығып барады»: Тоқаев министрлер мен әкімдерге демалысқа шықпауды тапсырды

Мемлекет басшысы Үкімет пен әкімдердің жұмысын қатаң сынға алды

«Дағдарыс ушығып барады»: Тоқаев министрлер мен әкімдерге демалысқа шықпауды тапсырды

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысына төрағалық еткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрлер мен әкімдерге және Президент әкімшілігі өкілдеріне жыл соңына дейін еңбек демалысына шықпауды тапсырды.

Тоқаевтың пікірінше, барлық өңірдің әкімдері мен кей министрлер демалысқа емес, сөгіске лайықты.

«Кей әкімдер сөгіс пен ескертулерін алып қойды. Мұндай жазаны барлық әкім мен бірнеше министр алуға міндетті. Бірақ, бізде қазір әлеуметтік-экономикалық жағдай аса қиын сәтте тұр. Үкімет пен әкімдердің дағдарыстан шығаратын білікті әрекеттері керек. Дағдарыс енді ушыға береді. Бұл әлем экономикасына жасалған болжам, ал Қазақстан оның бір бөлшегі», - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы осындай қиын сәтте облыс басшылары мен Үкімет мүшелеріне еңбек демалысына кетпеуді тапсырды.

«Жаздың жартысы өтіп кетті. Мейлі, министр болсын, әкімі болсын, Президент әкімшілігінің қызметкерлері болсын – ешқандай демалыс жоқ, өйткені, қазір – төтенше жағдай. Демалыс деген сөзді ұмытыңыздар», - деді ҚР Президенті.

Серіктес жаңалықтары