Степногорск белсенділері қала әкімі лауазымына Нұрлан Сабуровтың кандидатурасын ұсынды
Жақында Степногорск тұрғындары қаланы экологиялық апаттан қорғау үшін Нұрлан Сабуровқа жүгінді
Степногорск қаласының белсенді тұрғындары қала әкімі лауазымына танымал стендап-комик Нұрлан Сабуровтың кандидатурасын ұсынды.
«Жеңіп шығатыныңызға сеніміміз мол. Сіз осы қаладан түлеп ұштыңыз. Қала тұрғындары Сізді жақсы көреді, Сіз де қаланы жақсы көресіз деп сенеміз», - дейді белсенді Айтшөкен Қожахметқызы.
Белсенділердің айтуынша, Степногорск қаласында қордаланған мәселе өте көп. Экология, құрылысы аяқсыз қалған көпқабатты үйлер, ТКШ және т.б.
«Қалаға тың көзқарастағы жаңа басшы керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, креативті индустрияға инвестиция тарту керек», - дейді қала белсенділері.
Еске сала кетейік, жақында Степногорск қаласының тұрғындары қаланы экологиялық апаттан қорғау үшін танымал стендап-комик Нұрлан Сабуровқа жүгінді.
«Біз шенеуніктерге деген сенімімізді жоғалттық, олар демонстрациялық алаңдаушылықтан басқа ештеңе көрсетпейді, біз ортақ үй - Степногорск қаласын қирататын бақытсыздықпен жалғыз қалдық. Сізден, Нұрлан Әлібекұлы, сіздің туған қалаңыз Степногорск қаласының қоршаған ортаның сыни жағдайына және жас ұрпақтың денсаулығына назар аударуыңызды сұраймыз», - дейді тұрғындар.
Танымал стендап-комик Нұрлан Сабуров жерлестерінің үндеуін қолдап, жауап берді
«Біз - Степногорск тұрғындары ПХД-ға қарсымыз», - деп жазды ол өзінің Instagram желісіндегі парақшасында.