$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.06.2021, 10:22
Жаңалықтар

Қазақстан Медиа Альянсының төрағасы Жанболат Мамай жақтастарының журналиске жасаған шабуылына қатысты пікірін айтты

Ол оппозиция журналистердің бәріне бірдей қолжетімді болуы тиіс деп есептейді

Қазақстан Медиа Альянсының төрағасы Жанболат Мамай жақтастарының журналиске жасаған шабуылына қатысты пікірін айтты

Кеше, 15 маусымда Жанболат Мамайдың баспасөз конференциясында Azattyq Rýhy ақпарат агенттігінің тілшісі мен белсендінің жақтастары арасында текетірес болды.

Жуырда Мамай әлеуметтік желілерде сот процесінің қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтетіндігін жариялап, оған барлық БАҚ өкілдерін шақырды. Алайда, Жанболат Мамай аталған мекенжайға келген журналистерге конференция онлайн форматта өтетінін хабарлады.

Сол сәтте біздің тілшіміз Әмірболат Құсайын Жанболат Мамайға сұрақ қоюға тырысты, ал қоғам белсендісі оны кабинеттен қуып шығармақ болды. Мамайға оның жақтасы Абзал Достияров қосылып, журналиске шабуыл жасады. Осылайша, БАҚ өкіліне жұдырыған ала жүгіріп, балағат сөздер айтып, мәселені сыртқа шығып төбелеспен шешпек болды.

Белгілі кәсіпкер, қазақстандық бірнеше БАҚ-тың негізін қалаушы, Forbes Kazakhstan баспагері Арманжан Байтасов осы жағдайға қатысты өзінің пікірімен бөлісті. Оның сөзінше, бүгінгі заманауи және дамыған қоғамда журналистердің жұмысына кедергі келтіруге жол берілмеуі тиіс.

«Мен кез келген жағдайда журналистің жұмысына кедергі келтіруге болмайды деп есептеймін. Әрбір журналист өз қызметін атқаруы керек және өз оқырмандарын, аудиториясын алдағы оқиғалар туралы хабардар етуі қажет. Оның жұмысына және өміріне ешқандай қауіп төнбеуі тиіс», - деді Байтасов.

Арманжан Байтасовтың айтуынша, Қазақстанда оппозиция болуы керек және оның өз пікірін білдіруіне құқығы бар. Бірақ сонымен бірге оппозицияның өзі де «журналистерге теңдей қарап,  олардың сұрақтарына жауап беруі керек».

Оқи отырыңыз: Мамайдың жақтастары журналиске шабуыл жасады

Серіктес жаңалықтары