$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.06.2021, 23:37
Жаңалықтар

СҚО-да коронавирусқа шалдығу оқиғаларының саны екі есеге азайған

Ауруға шалдыққан тұрғындардың басым бөлігін 60 жастан асқан адамдар құрайды

СҚО-да коронавирусқа шалдығу оқиғаларының саны екі есеге азайған
Фото: ашық дереккөзден

СҚО-да коронавирустық инфекцияға шалдығу оқиғаларының саны екі есеге азайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, ауруға шалдыққан тұрғындардың басым бөлігін 60 жастан асқан адамдар құрайды.

«Өңірде осы аптаның төрт күнінде КВИ жұқтырудың 62 жаңа жағдайы тіркелді. Өткен аптаның сәйкес кезеңімен салыстырғанда, бұл көрсеткіш екі есе төмендеген. Барлық жағдайлардың 88%-ы эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша анықталғанын атап өткен жөн.

Ал өткен тәулікте СҚО-да КВИ-дің 21 жаңа жағдайы тіркелді. Аталмыш жағдайлардың 18-де ауру белгілері байқалса, 3-де белгі байқалмаған», - делінген комитет хабарламасында.

Коронавирустық инфекцияны жұқтырғандардың негізгі үлесін 60 жастан асқан адамдар (жергілікті халықтың 30%), 50-59 жас аралығындағы адамдар (жергілікті халықтың 18%) құрайды.

Өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға берілген  бағаға сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы 3 маусымнан бастап «жасыл» аймақта. Соңғы тәулікте өңірде 30-дан астам адам коронавирустық инфекциядан айыққан.

Серіктес жаңалықтары