$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.05.2021, 10:56
Жаңалықтар

Елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 18 адам көз жұмды

Бүгінгі таңда коронавирус жұқтырған 638 адам ауыр жағдайда жатыр

Елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 18 адам көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі 29 мамырдағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 11 адам қайтыс болды.

29 мамырдағы мәлімет бойынша, 29 171 адам коронавирус инфекциясынан (28 595 КВИ+ және 576 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 10 891 пациент стационарда ем алып жатса, 18 279 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 

• 638 адамның жағдайы ауыр,
• 162 пациенттің жағдайы өте ауыр,
• 108 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ COVID-19 пневмониясына қатысты ақпаратқа сүнсек, 27 мамырдағы мәлімет бойынша 96 жаңа жағдай тіркелді, 90 адам жазылып шыққан, 7 адам көз жұмған.

Жалпы, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

науқастар саны – 55120; 

өлім жағдайы – 902;

барлығы 51186 адам сауығып шықты.

Серіктес жаңалықтары