$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
29.05.2021, 10:27
Жаңалықтар

Қазақстан бойынша 500 талапкердің ҰБТ нәтижесі жойылды

Осы күнге дейін 85 мың түлек ҰБТ тапсырып үлгерді

Қазақстан бойынша 500 талапкердің ҰБТ нәтижесі жойылды

Биылғы Ұлттық бірыңғай тест тапсырушылар арасында 500 талапкердің нәтижесі жойылды. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Тест тапсырмаларын немесе олардың үзіндісін аудиториядан шығару - ереже бұзушылық болып саналады. Сондықтан ҰБТ нәтижесі жойылады. Осы күнге дейінгі 85 000 тестіленушінің ішінен 500 адамның нәтижесі жойылды», - деп жазды Дидар Смағұлов өзінің Facebook-парақшасында.

Ол сондай-ақ, тест тапсырмаларын шығарып, таратудың да еш мәні жоқ екенін атап өтті.

«Тест базасы күнде жаңартылады! Күнде жаңа сұрақтардың құпиялылығы шешіліп, бағдарламаға кіргізіледі! Өзіңізді алдамаңыздар», - деп түлектерге ескерту жасады Д. Смағұлов.

Айта кетсек, биыл мектеп бітірушілерге ҰБТ екі рет тапсыруға тапсыруға және мүмкіндік беріліп отыр.

Серіктес жаңалықтары