КВИ таралуы бойынша «қызыл» аймақта екі облыс қалды
Сондай-ақ Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары «қызыл» аймақтан шыққан жоқ
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 29 мамырда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, екі қала мен екі облыс әлі де «қызыл» аймақта тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтқанда:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола,Қарағанды облыстары тұр;
«Сары» аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр;
«Жасыл» аймақта: – Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстары тұр.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 1688 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 383 595 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 18 адам көз жұмды.