23.05.2021, 14:12
Жаңалықтар
Қазақстанда вакцина салған тұрғындар саны 1 млн 985 мыңға жуықтады
Вакцинациялау бойынша өңірлер арасында Алматы қаласы көш бастап тұр
Фото: ашық дереккөзден
23 мамырдағы мәлімет бойынша Қазақстанда 1 984 761 адам COVID-19 вирусына қарсы вакцина салдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бүгінгі таңда елімізде 1 984 761 адам коронавирус вакцинасының бірінші компонентін салдырды. Екінші компонентті салдырғандар саны 917 917 адамға жетті», - делінген ДСМ хабарламасында.
Халықты вакцинациялау бойынша өңірлер арасында Алматы қаласы көш бастап тұр. 291 329 алматылық тұрғын вакцинаның бірінші компонентін алып үлгерген.
Ал ең аз вакцина салынған өңір ретінде тағы да Маңғыстау облысы тіркелді. Бұл облыстағы тек 37 204 адамға вакцинаның бірінші дозасы егілген.

Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді