ШұғылCOVID-19: Қазақстанда вирус жұқтырғандар саны 406 мыңнан асты

«Қызыл» аймақтағы әуежайлар мен теміржол вокзалдарына кіруге шектеу қойылды

Жолаушыларды күтіп алатындар мен шығарып салатындар «Ashyq» жобасына қатыспайтын ғимаратқа кіре алмайды 

Фото: Алматы қоғамдық кеңесі

ҚР Көліктегі бас санитар дәрігері Жанар Оразалина карантин туралы қаулыға өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy

Қазақстан халқы арасында COVID-19 инфекциясы таралуының алдын алу мақсатында жаңа шаралар қабылданды.

Енді КВИ таралуы бойынша «қызыл» аймаққа жатқызылған өңірлерде «Ashyq» жобасына қатыспайтын әуежайларға күтіп алушылар мен шығарып салушылардың кіруі шектелетін болды.

«Тәуекелі жоғары қауіпті өңірлерде, «Ashyq» жобасына қатысатын әуежайларды қоспағанда, күтіп алушылар және шығарып салушыларды әуежайлар ғимараттарына кіргізуді шектеу қамтамасыз етілсін», - делінген қаулыда.

Сонымен қатар, теміржол вокзалдарына да осындай талап қойылып отыр. «Қызыл» аймақтағы өңірде «Ashyq» жобасына қатыспайтын вокзалдардың барлығында күтіп алушылар мен шығарып салушылардың ғимаратқа кіруіне тыйым салынды.

Аталған қаулы қол қойылған күннен, яғни 11 мамыр кешкі сағат 20.15-тен бастап күшіне енеді.