11.05.2021, 16:53
Жаңалықтар
Елордадағы мектептердің бірінен 175 адам эвакуацияланды
Тексеру нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылмаған
скриншот: видео
Бүгін сағат 11:32-де елордалық полицияға Astana Garden School мектебінде жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсккен. Ал, мұндай хабарлама мектептің электронды поштасына келген.
Оқиға орнына шұғыл қызмет өкілдері жіберіліп, мектептен 175 адам эвакуацияланды. Тексеру нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылмаған.
Полиция бұл жағдайға қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, былтыр дәл осындай 10 қылмыс тіркелген.
«Полиция қызметкерлері барлық қылмыскерлерді анықтап, ұстады. Барлық фактілер бойынша ұсталғандар әр түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды», - деп толықтырды департамент өкілдері.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді