$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.05.2021, 16:40
Жаңалықтар

Елбасы РФ президентіне көңіл айтты

Қазан қаласында мектепке жасалған шабуыл салдарынан бірнеше адам қаза тапты

Елбасы РФ президентіне көңіл айтты
Inform.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путинге жеделхат жолдады. Ол Татарстан астанасы Қазан қаласында мектепке жасалған шабуыл кезінде балалар мен ересектердің қайғылы қазаға ұшырауына байланысты көңіл айтты.

«Қазан қаласындағы №175 мектепте болған қайғылы оқиға салдарынан балалар мен ересектердің қаза тапқаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Қайғыға ортақтасып, қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілеймін», - делінген жеделхатта.

Бүгін Татарстан астанасы Қазан қаласындағы №175 мектепке қару асынған екі адам кіріп, оқушылар мен мұғалімдерге оқ жаудырған. Соңғы мәліметтер бойынша, атыс салдарынан 11 адам қаза тауып, зардап шеккен 16 адам ауруханаға жеткізілген.

Серіктес жаңалықтары