Тоқаевтың жарлығымен алған әскери шенін тойлап жатқан департамент басшысы туралы видео тарады

Оңал Бекиевке арнаулы атақ берілді

Тоқаевтың жарлығымен алған әскери шенін тойлап жатқан департамент басшысы туралы видео тарады
Оңал Бекиев, фото: ІІМ баспасөз қызметі

6 мамырда Мемлекет басшысы жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын беру туралы жарлыққа қол қойды.

Жарлыққа сәйкес, генерал-лейтенант әскери атағы - 2 адамға, генерал-майор әскери атағы - 7 адамға, ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы - 12 адамға, 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені 4 адамға және бір адамға 3-санатты жоғары біліктілік сыныбы шені берілді.

Ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағын алғандардың ішінде Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекиев те бар. Желіде Оңал Бекиевтің Мемлекет басшысының жарлығымен алған әскери шенін тойлап жатқаны жайлы видео тарады. Желі қолданушылары «әскери шенін атап өткенінде, оны жақындарымен бөліскенінде тұрған ештеңе жоқ» деген сыңайда пікірлер жазып жатыр.

Оңал Ботайұлы Бекиев 1975 жылы дүниеге келген. Ішкі істер органдарында 1998 жылдан бері қызмет істейді.

Ішкі істер органдарында түрлі қызметтер атқарып, басшылық құрамдарда жұмыс істеген. ІІМ Кадр саясаты департаменті бастығының орынбасары болған. Алматы облысы Полиция департаменті және Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары қызметін атқарған.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.