$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.05.2021, 17:25
Жаңалықтар

Елбасы Түркістан қаласына келді

Сапар барысында Нұрсұлтан Әбішұлы бірқатар нысандардың ашылуына қатысты 

Елбасы Түркістан қаласына келді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына келді. Өңірге сапары барысында Елбасы түркі әлемінің мәдени-рухани жауһары атанған  жасампаз қалада салынған бірқатар жаңа нысандардың ашылуына қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Көне ғасыр мен жаңа дәуірді сабақтастыра түскен шаһарда үйлесімді үлгімен салынған жаңа  ғимараттар пайдаланылуға берілді. 

Күллі түркі жұртының жүрегінен орын тепкен Ясауи кесенесінде ел билеген 21 хан мен елуден астам би, сұлтандардың сүйегі жатыр. Тарихи тұлғалардың есімі тағыда тасқа қашалды. Елбасы іс сапары қазақ хандарына арналған мемориалдық кешеннің ашылуынан басталды. Мемориалдық кешеннің сметалық құны 1,9 млрд. теңге. Жалпы ауданы 0,85 га құрайтын нысанның баральефінде қазақ билерінің, қазақ даналарының көркемсөздері қашалған. Шеңбер тәріздес салынған пилондардағы граниттік тақтайшаларға қазақ даласын басқарған 21 ханның есімдерімен қатар олардың билік жүргізген жылдары да жазылған. 

«Түркістанның ұлтарақтай жері ат басындай алтынға татиды деген рас екен. Біз қала бұндай жылдам дамиды деп ойламадық. Түркі әлемінің рухани астанасына айналған Түркістанның осыншама тез қарқынмен дамуы - Елбасының арқасы. Түлеген Түркістанның  қазіргі келбеті Елбасының туындысы. Ел ағылып келіп жатыр. Бұрын ыстықтан күндіз жүре алмайтынбыз. Қазір барлық жерде субұрқақ, саябақ салынды, талдар егілді. Айнала көк майса. Көз тоймас ғимараттар ашылып жатыр. Істеймін деген адамға қазір Түркістанда жұмыс көп. Қасиетті қаламыздың әліде адам танымастай өзгеретініне сенеміз. Түркістан әлемдегі көптеген халықтардың рухани орталығына айналып отыр. Бұнда келген адамдардың жүзінен мейірім көрінеді. Түркістан жүрекке иман үйіреді. Қала көңілге тыныштық, жайлылық сыйлайды», - деді Қожа Ахмет Ясауи атындағы Қазақ-Түрік халықаралық университетінің доценті Гүлсара Тоқылова. 

Әмірболат Құсайынұлы, Түркістан қаласы

Серіктес жаңалықтары