ШұғылҚазақстанда COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны азайып келеді

Биыл ҰБТ-да 21 тест сұрағы қате деп танылды

2018 жылы 101 тест тапсырмасы дұрыс емес деп танылған

көрнекі фото: kapital.kz

Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов ҰБТ-да «Абылай хан мінген аттың неше тісі болған?» деген сияқты сұрақтар ешқашан болмағанын айтты.

«Кейбір ата-аналар осындай тапсырманы емтиханға дайындап жатқан шағын жеке орталықтың байқау сынақтарынан көріп, бұл сұрақты ҰБТ базасымен байланыстыра бастады. Содан соң оны БАҚ бірден іліп алды да (сәлем фактчекинг) мүлде басқа ой қалыптасты. Тіпті, оны әлі күнге дейін беделді сарапшылар қолданып жүр», - деп жазды орталық директоры.

Дидар Смағұлов мұндай сұрақтар ҰБТ-да болуы мүмкін емес екенін айтты. Себебі, ең тәжірибелі педагогтер құрастырған әр тапсырма 2 тәуелсіз сараптамадан өтеді (олар да аймақтардан кәсіби мамандармен жіберілген), сонымен қатар базаға қабылданар алдында тағы бір ревизия жасалады.

Бірқатар уақыттан бері 120 000 тест тапсырмасының әрқайсысының артында тұрған, сапасына жауапты нақты адамдардың аты-жөндері бар.

«Министрдің тапсырмасымен тәжірибесі, жетістіктері мен кәсібилігі тұрғысынан әзірлеушілерге қойылатын талаптар күшейтілді, әр тест тапсырмасының сапасы бойынша келісімшартта қосымша жауапкершілік енгізіліп, жосықсыз әзірлеушілердің тізімі (қара тізімге) құрастырылды, яғни ол тізімге кіру -  ҰТО жұмысына қатысудың кез-келген мүмкіндігін жояды», - дейді Дидар Смағұлов.

Сондай-ақ орталықтың ішінде де тиісті жұмыстарды жүргізілген: тестология бойынша бірнеше оқыту курстарын өткізіп, сарапшылардың лауазымдық нұсқаулықтарында әр тесттің сапасына қатысты жауапкершілігін арттыру, сонымен қатар тестілеуді әзірлеуде орталық қызметкерлерінің туыстарының қатысуына тыйым салу.

Орталық директорының айтуынша, мұның барлығы қазірдің өзінде нақты нәтижеге алып келіп отыр: 2018 жылы апелляция қорытындысы бойынша 101 тест тапсырмасы дұрыс емес деп танылса, 2019 жылы - 58, 2020 жылы - 27, ал 2021 жылғы наурыз айындағы ҰБТ нәтижеі бойынша апелляцияда тек 21 тест тапсырмасы.

Ұлттық тестілеу орталығы басшысы биылғы жаңалық - нақты датаға қатысты сұрақтар Қазақстан тарихы мен Дүниежүзі тарихы бойынша ғана болады. Тіпті, ондай сауалдардың саны да қысқарған.

«Біз жылдан-жылға «есте сақтауды жаттықтыруға» бағытталған тапсырмаларды азайтып, функционалдық сауаттылыққа, яғни алған білімдерді іс жүзінде қолдана білуге бағыттаудамыз. Қазірдің өзінде мұндай тапсырмалардың 70%-дан астамы дайын.

2020 жылы калькуляторды енгізгеніміз де мәселені шешу үшін оны жай қолдана ғана жеткіліксіз екенін көрсетеді: оны нақты жағдайларда қалай қолдана білу керектігін түсіну керек», - деді орталық басшысы.