Сенат спикері коронавирустан қалай айыққанын айтып берді
Мәулен Әшімбаев 27 сәуірде коронавирус жұқтырып алғанын мәлімдеді

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев коронавирустан айыққанын хабарлады. Спикер екі аптаға жалғасқан карантиннен кейін бүгін қайтадан қалыпты жұмыс форматына көшкен.
«Жалпы, осы уақыттың ішінде бойымда аурудың ешқандай белгілері байқалған жоқ. Сондықтан жұмысымды тоқтатпай, қашықтан атқарып отырдым», - деп жазды ол.
Сенат спикері пандемия қаупі әлі сейілмегенін ескертті.
«Сақтық шараларын ұстанып, медицина қызметкерлері мен мамандардың ұсынымдарын барынша орындауымыз керек. Бұл – өзімізбен бірге туған-туыстарымыз үшін де аса маңызды», - деді Мәулен Әшімбаев.
Еске сала кетейік, 27 сәуірде Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев барынша сақтанып жүргеніне қарамастан коронавирус жұқтырып алғанын хабарлады.