КВИ таралуы бойынша 8 өңір әлі де «қызыл» аймақта тұр
Өткен тәулікте республика бойынша 2877 адам коронавирус жұқтырған

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 1 мамырда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, коронавирустың таралуы бойынша 8 өңір әлі де «қызыл» аймақта тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтсақ:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар облыстары тұр;
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Маңғыстау облыстары тұр;
«Жасыл» аймақта: –Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 2877 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 322 695 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 38 адам көз жұмды.