Елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 38 адам көз жұмды

Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған 769 адам ауыр жағдайда жатыр

Елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 38 адам көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі 1 мамырдағы коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 31 адам қайтыс болды.

Министрлік мәліметі бойынша, 42 510 адам коронавирус инфекциясынан (42 019 КВИ+ және 491 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 14 843 пациент стационарда, 27 677 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 769 адамның жағдайы ауыр;
• 184 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 125 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, коронавирус белгілері бар пневмониядан 29 сәуірдегі мәлімет бойынша 98 жаңа жағдай тіркелді, 7 жағдай өліммен аяқталған. 95 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

науқастар саны – 52 942;  

өлім жағдайлары – 801;

барлығы 51 650 адам сауығып шықты.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.