Қазақстанға бір тәулікте 4340 жолаушы ұшып келді

Барлық жолаушы COVID-19 вирусына ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген

Қазақстанға бір тәулікте 4340 жолаушы ұшып келді

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 30 сәуірде халықаралық авиарейстермен келген жолаушыларға қатысты ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

БАӘ, Мысыр, Түркия, Беларусь Республикасы,Грузия, Қытай, Ресей Федерациясы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 30 халықаралық әуе рейсі келді.

Өткен тәулікте 4 340 авиажолаушы келді. Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 11 рейс, 1 967 жолаушы;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 8 рейс, 1 021 жолаушы;

- Шымкент қаласының әуежайына – 6 рейс, 780 жолаушы;

- Ақтау қаласының әуежайына – 3 рейс, 336 жолаушы;

- Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 61 жолаушы;

- Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 175 жолаушы келді.

Барлық жолаушы COVID-19-ға ПТР тестілеу туралы анықтамамен келген.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.