ТЖМ тікұшағы нәрестені Қызылордаға жеткізді
Нәтижесінде жаңа туған сәби Қызылорда қаласындағы бейінді медициналық мекемеге аман-есен жеткізілді
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазавиақұтқару» АҚ ұжымы жаңа туған нәрестені өмірге арашалау үшін шұғыл санитариялық рейс орындады. Арнайы рейс Қызылорда – Төретам – Қызылорда бағыты бойынша жүзеге асырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Операцияның негізгі мақсаты – сәбиге уақытылы әрі толыққанды білікті медициналық көмек көрсету болды.
Әуе кемесінің бортында тәжірибелі экипаж мүшелерімен бірге білікті медицина мамандары да болды. Ұшу кезінде дәрігерлер нәрестенің денсаулық жағдайын тұрақты бақылауда ұстады.
Тікұшақ Қызылорда қаласынан Төретам кентіне барып, кері қайтты. Нәтижесінде жаңа туған сәби Қызылорда қаласындағы бейінді медициналық мекемеге аман-есен жеткізілді.