8 қараша күні ауа райы қандай болады

Еліміздің батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерінде толассыз жаңбыр жауып, қалың қар түсуі мүмкін

8 қараша күні ауа райы қандай болады
Фото: © istockphoto.com

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамынша, жексенбіде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтілуде. Еліміздің батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерінде толассыз жаңбыр жауып, қалың қар түсуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Оңтүстік-шығыс өңірлерде ғана жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең қалың тұман түседі. Ал солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс облыстарда көктайғақ болады деп болжануда.

Жауын-шашынға қарамастан, еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады. Атап айтқанда, Атырау облысының солтүстік-батысында, Алматы облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында, Жетісу облысының оңтүстігі мен орталығында, сондай-ақ Қызылорда, Жамбыл, Қостанай, Түркістан және Абай облыстарының жекелеген аумақтарында өрт шығу қаупі бар.

Ал Қызылорда облысының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының батысында және Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі жарияланды. Синоптиктер мен ТЖМ қызметкерлері тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, ал жүргізушілерді көктайғақ пен көріну деңгейінің төмендеуіне байланысты жолда сақ болуға шақырды.