$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.04.2021, 17:31
Жаңалықтар

Ассамблеяның алдында жаңа міндеттер тұр - Тоқаев

Тоқаев ҚХА төрағасы ретінде пікірін айтты

Ассамблеяның алдында жаңа міндеттер тұр - Тоқаев
Фото: akorda.kz

Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы болған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халқымызды Елбасы құрған татулық пен келісім саясатын жалғастыруға шақырды.

Мемлекет басшысы Ассамблея бұрын-соңды ешбір елде болмаған бірегей құрылым екенін тілге тиек етіп, бүгінде өзге елдер де бізден үлгі алғандығын атап өтті.

«Ассамбеяны басқару - жауапты жұмыс, үлкен саясат. Сондықтан осы міндетті жауапкершілікпен атқарамын деп айтқым келеді. Елбасы тәуелсіздігімізді нығайтып, Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосу үшін ең алдымен ауызбіршілік, татулық аса қажет екенін үнемі айтып келеді. Бұл көне заманнан келе жатан ақиқат. Қазіргі ұрпаққа да қажетті құндылық. Табысты рефорламалардың бұзылмас тұғыры – халқымыздың бірлігі. Ал еліміздің бірегейлігі әр алуан ұлт пен ұлыстың жарасымды татулығы. Қазіргі таңда мемлекетіміздің дара жолын дүниежүзі мойындайды және жоғары бағалайды. Осы дәстүрді сақтап, еліміздің одан әрі өркендету қашанда маңызды.

Коронавирус дерті әлемді қыспаққа алған тұста халқымыз бір ел, бір ұлт болып жұмылуымыз керек. Ассамблеяның алдында жаңа міндеттер тұр», - деді Қ.Тоқаев.

Мемлекет басшысы татулық пен келісім саясатын жалғастыру баршаға ортақ міндет екеннін баса айтты.

Еске салайық, бүгін Елбасы мен Мемлекет басшысының қатысуымен ҚХА XXIX сессиясы өтіп, жиын барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА Төрағасы лауазымынан бас тартып, төрағалықты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсыратынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары