$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.04.2021, 21:21
Жаңалықтар

Қоғамдық тамақтану нысандары «Ashyq» жобасына көптеп қатыса бастады – ҰКП

ҰКП өкілдері жобаның індет таралуын бақылау тұрғысынан тиімді екенін атап өтті

 
Қоғамдық тамақтану нысандары «Ashyq» жобасына көптеп қатыса бастады – ҰКП

Өткен жылдың соңында 514 мың бизнес субъектісі шектеулермен жұмыс істесе, 15 мыңы жабық тұрды. «Ashyq» жобасын іске асыру толық локдауннан шығуға және ауру жұқтырған адамдардың объектілерге кіруін шектеу арқылы нақты жұмыс істеуге мүмкіндік береді. ҰКП өкілдері жобалық офиспен, бас санитарлық дәрігермен, Денсаулық сақтау министрлігімен және ЦДИАӨМ-мен, «Ashyq» жобасын әзірлеушімен бірлесіп бұл халықаралық тәжірибені зерделеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Юлия Якупбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның айтуынша, бірінші кезеңде пилоттық жобаға қабылдау аймағы бар нысандар – фитнес-залдар, бассейндер, СПА кірді. Екіншісінде компьютерлік клубтар мен боулинг орталықтары, 14 сәуірден бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласында кинотеатрлар мен театрлар жобаға қатысуға мүмкіндік алды.

«Статусы қызыл түсті адамдар анықталды, яғни ауру жұқтырғандар, олармен байланыста болғандар келген. Көп болмаса да, ондайлар болды. Жұма күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда театрлар ашылады, 14-інен бастап басқа өңірлер – Ақтөбе, Тараз, Талдықорған, Ақмола облысы қосылады. Аталған қалалар бойынша 619 қатысушы бар, бұған қоса, басқа өңірлерде тестілік режимде жұмыстар жүргізілуде, 26-ынан бастап қызмет түрлері кеңейеді - 78 субъект. Пилоттық жобаға қатысамын деушілер 1,5 мыңға жуық, қоғамдық тамақтануды ескерсек, қатысушылардан 4275 өтінім келіп түскен. Бұл өз еркімен қатысушыларды есептемегенде, бұл жеңілдіктерді пайдаланғысы келмейтін, бірақ жұмыс істегісі келетін, келушілердің, қызметкерлердің ауру жұқтырғанын тексергісі келетін бизнес субъектілері. Аурудың таралуын бақылау тұрғысынан бұл жақсы қызмет», - деп атап өтті ұлттық палата өкілі.

 
Серіктес жаңалықтары