$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.04.2021, 21:57
Жаңалықтар

ҰҚК Көптоғайдағы шекара мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады

Шекара қызметінің өкілі Қазақстан аумағына қатысты ешқандай шегініс болмағанын айтты

 

ҰҚК Көптоғайдағы шекара мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Атырау облысы Көптоғай ауылы жанындағы шекаралық қоршауға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Көптоғай ауылындағы мәселеге қатысты айтып өтер болсам, интернетте айтылғандай, мемлекеттік шекара сызығы 70-90 жылдардағы картаға сай келеді. Келісімшартқа 2005 жылы қол қойылып, ратификацияланған. Онда тарихи қалыптасқан әкімшілік шекара ескерілген. Заңнамаға сәйкес, шекара қызметі ол учаскеде ені 100 м болатын шекара жолағында инженерлік құрылыс жүргізуге және қоршау орнатуға құқылы. Бұл қоршау қойылған жерде мемлекеттік шекара сызығы өтеді дегенді білдірмейді. Қоршау мемлекеттік шекара сызығынан 100 метр алыста орнатылды», - деп атап өтті ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының бірінші орынбасары Айдар Аймурзин.

Оның айтуынша, 2008 жылы жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша қоршау орнатылған.

«Өйткені қарсы бетке мал өтіп кету жағдайы жиі болды, сондай-ақ, бұл мәселе екі тараптың шекара өкілдерімен шешілетіндіктен, біршама қиындық туындады. Ал осы жолы, 2009 жылы демаркация жүргізілгеннен кейін, қоршаудың орналасу орнын түзету қажет болды, аумаққа қатысты қандай да бір шегініс болған жоқ. 2008 жылы Көптоғай ауылының тұрғындары малы Ресей Федерациясы аумағына қарай жайылып кетпес үшін қоршау тұрғызу туралы өздері өтініш берген», деп түсіндірді Шекара қызметі директорының бірінші орынбасары. 

Ол сонымен қатар, қазіргі уақытта жергілікті тұрғындардың Қиғаш өзеніне бара алатынын айтты.

«Шамамен оңға қарай 150 метр тұста жергілікті тұрғындар Қиғаш өзеніне шыға алады. Өзеннің ол тұсы тереңдеу және мал РФ аумағына өтіп кете алмайды. Дегенмен, жергілікті тұрғындардың қалауы бойынша әкімдікпен суатқа қолайлы әрі ыңғайлы қол жеткізу мәселесін шешеміз», - деді ол.

Айдар Аймурзин қоршау орнату жаңалық емес, халықаралық тәжірибеде бар дүние екенін айтып өтті.

«Кез келген ел қоршау орнатуға құқылы. Негізінен, қоршау шекара режимін, оның ішінде карантиндік режимді қамтамасыз ету үшін қажет. Біз көп жылдан бері киік, ақбөкен сынды жануарлардың маусымдық көші-қоны кезінде шекара қоршауын уақытша алып тастап жүрміз. Сондықтан бұл шешімін табатын мәселе», - деді А. Аймурзин. 

Серіктес жаңалықтары