Еліміздің тек бір қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бұл өңірдің атмосферасында зиянды заттар жиналуы мүмкін

Еліміздің тек бір қаласында ауа сапасы нашарлайды
Фото: © istockphoto.com

2026 жылдың 30 мамырында Алматы қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасады. Мамандар қала тұрғындары мен қонақтарына сыртқа шығарда ауа райының бұл факторын ескеруді сұрайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы. Мамандардың мәліметінше, бұл қалаларда баяу жел, инверсия және тұман сияқты факторлар бірігіп, жерге жақын қабатта ластаушы заттардың шоғырлануына әкеп соғады. Мұндай жағдай адам денсаулығына тікелей әсер етуі мүмкін.

Ауаның ластануы кезінде мамандар келесі ережелерді сақтауды ұсынады:

1.Тас жолдар мен өндіріс орындарына жақын жерде ұзақ жүрмеген абзал.

2.Өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары бар және аллергияға бейім жандар өзімен бірге қажетті дәрі-дәрмектерін алып жүруі тиіс.

3.Таза ауада спортпен шұғылдануды немесе ауыр физикалық жұмыс істеуді уақытша тоқтата тұрған жөн.