19.04.2021, 17:10
Жаңалықтар
Әнші Толқын Забирова екінші рет коронавирус жұқтырды
Әнші анасы үшін алаңдайды
фото: www.instagram.com/tolkynzabirova/
Қазақ эстрадасына опералық музыканы әкелген әнші Толқын Забирова коронавирусты екінші рет жұқтырып алғанын айтты.
«Екінші рет ауырып қалу мүмкін емес деп жүріп... Антидене арқасында жеңілірек өтіп жатыр. Тек жасы 74-тегі анама ауыр болып тұр», - деп жазды әнші.
Сондай-ақ танымал әнші уақытында вакцина алған дұрыс екенін атап өтті.
«Дер кезінде прививка алған дүрыс екен. Бір-ақ үлкендерге жасатуға боларма екен? Бәріміз аман болайық,ауырып жатқандарға Алла күш-қуат беріп, мына індеттен құтылып, мереке күндерде бас қосайық, достар», - деп жазды Толқын Забирова.
Көп оқылған
14.10.2026, 10:03
Карантин ене ме: Павлодарда оқушы туберкулез жұқтырды деген күдікпен ауруханаға түсті
14.10.2026, 09:53
«Таңғы жетіде бойжеткенге интим ұсынған»: Астанада inDrive такси жүргізушісі сотталып кетті
14.10.2026, 15:49
Қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді: Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы күрт бұзылады