ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 1700-ден астам адамнан вирус анықталды

Президент Ғазиза Әбдінәбиеваның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты

Ғазиза Мәкешқызы 1948 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданында туған

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дүниеден өткен Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, көрнекті театр және кино актрисасы Ғазиза Әбдінәбиеваның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтып, жеделхат жолдады.

«Ғазиза Мәкешқызы әр жылдары Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында және М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында қызмет жасады. Бірқатар отандық фильмдер мен телесериалдарда басты рөлдерді сомдап, көрерменнің жоғары бағасын алған еді. Ол әрбір қазақстандықтың жадында жарқылдап, жадырап жүретін бейнесімен қалды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», – делінген жеделхатта.

Ғазиза Әбдінәбиева 1948 жылы Қызылорда облысы Сырдария ауданында туған. Қазақ ұлттық консерваториясының (бұрынғы Алматы консерваториясы) «актерлік шеберлік» факультетін бітірген.