ШұғылЕлімізде тағы 7778 адамнан коронавирус анықталды

Әскери қайраткер Ким Серікбаев дүниеден өтті

Ким Серікбайұлы 180 ғылыми еңбектің авторы

Қазақстан Қарулы күштерінің ардақты ардагері, еліміздің еңбек сіңірген қоғам қайраткері, профессор, әскери ғылымдар докторы Ким Серікбаев 87 жасында қайтыс болды. Қаралы хабарды Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты әлеуметтік сала бөлімі мамандары растады, деп хабарлайды Sputnik.kz.

Полковник өмірінің соңғы жылдарында Медеу ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарған.

Ким Серікбайұлы 1934 жылы 14 қаңтарда Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Көптоғай ауылында туған.

1952-1956 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінде, Уфа әскери училищесінде білім алды. 1970 жылы Мәскеудегі әскери академияны бітірді.

1956-1966 жылдары Қиыр Шығыс, Прикарпатье, Мәскеу, Орта Азия әскери округтерінде взвод, рота, батальон командирі, мотоатқыштар полкында штаб бастығы, полк командирі болып қызмет атқарған.

1970-1973 жылдары Мәскеудегі әскери академияда Кубадан, Моңғолиядан келген офицерлерге жалпы тактикадан сабақ берген.

1973-1975 жылдары Алматы жоғары әскери командалық училищесінде кафедра бастығы, 1975-1988 жылдары Алматы жоғары партия мектебінде кафедра бастығы болды.

1988-1991 жылдары Бауыржан Момышұлы атындағы республикалық әскери мектеп-интернаттың бастығы қызметін атқарды.

1992-1993 жылдары мемлекеттік қорғаныс комитеті төрағасының кеңесшісі болды.

1994-1996 жылдары минстрлер кабинеті жанындағы мемлекеттік аттестация комитетінде арнаулы мәселелер жөніндегі бас сарапшы болды.

1996-1999 жылдары ҚР Парламентінің мәжіліс аппаратында қорғаныс және қауіпсіздік мәселелер жөніндегі кеңесші қызметін атқарған.

Ким Серікбайұлы 180 ғылыми еңбектің авторы.

«Сыновний долг», «Быть патриотом», «На кафедре тактики», «Бауыржан Момышулы в моей жизни», «Доброму делу – долгая жизнь», «Военная безопасность страны: проблемы, перспективы», «Надежный страж Родины», «Обретенной независимости – надежную защиту», «Батыр ағаның шапағаты» кітаптарын жазған.