ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 1700-ден астам адамнан вирус анықталды

Павлодар облысында жолдарды дұрыс күтіп ұстамаған лауазымды тұлғалар жазаланды

Оларға 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында 73 лауазымды және заңды тұлғаға 2 000 000 теңгеден астам сомаға айыппұл салынды, деп хабарлайды рavlodarnews.kz.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлері республикалық және жергілікті маңызы бар жолдарды тексеруді тұрақты негізде жүргізеді.

«Ағымдағы жылдың басынан бері жалпы пайдаланымдағы автожолдарға 467 тексеру жүргізіліп, 1403 ақау анықталды. Барлық бұзушылықтар бойынша анықталған кемшіліктерді жоюға ұйғарымдар берілді. Бұдан басқа, 73 лауазымды және заңды тұлға жолдарды қанағаттанарлықсыз ұстағаны және жолдарда жұмыс жүргізу ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлады брифингте әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Арыстан Дүйсембаев.

Шідерті – Нұр-Сұлтан жолдарын қыс мезгілінде күтіп ұстамағаны үшін мердігер ұйымдардың бірі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 462-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 500 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Темір жол өтпелерін дұрыс күтіп ұстамағаны үшін 13 лауазымды тұлғаға 400 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.