«Бақ сүйсін маңдайыңнан»: Димаштың әкесі қызына арнап шығарғанын әнін жариялады (ВИДЕО)
Оның бұл әнін әлемнің әр еліндегі тыңдармандар жоғары бағалады
Белгілі әнші Қанат Айтбаев қызы жалғыз қызы Раушан Құдайбергенге арнап ән шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бақ сүйсін маңдайыңнан» әнін әншінің өзі жазса, сөзін белгілі ақын, журналист Бауыржан Бабажанұлы шығарды. Әннің бейнебаяны әлеуметтік желіде жарияланды.
Оның бұл әнін әлемнің әр еліндегі тыңдармандар жоғары бағалады.
«Керемет ән. Балаларымыздың өсіп, жеке отбасы болғанын көру қандай бақыт», «Тыңдап отырып, көзіме жас келді», «Қандай керемет ән. Қандай керемет орындау. Балаларымыз аман жүрсін. Маңдайларынан бақ сүйсін», – деп жазды әлемнің әр еліндегі тыңдарман қауым.
Айта кетейік, Димаш Құдайберген қазақтың «Ақерке» халық әнін заманауи стильде орындап, жұртты таң қалдырған.