Димаш қазақтың тағы бір халық әнін заманауи стильге келтіріп, жаңа челлендж бастады (ВИДЕО)
Әншінің бұл жолғы таңдауы «Ақерке» халық әніне түсіп, оған әлемдік деңгейде «тыныс» беруге талпынған
Әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген қазақтың тағы бір халық әнін заманауи стильге келтіріп, жаңа челлендж бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әншінің бұл жолғы таңдауы «Ақерке» халық әніне түсіп, оған әлемдік деңгейде «тыныс» беруге талпынған.
«AQERKE» әніне арналған би челледжіміз жалғасып жатыр. Бейнероликтеріңізді 1 тамызға дейін бөлісіп үлгеріңіздер. Ең көп қаралым жинаған бейнежазба авторы менің жаңа музыкалық бейнебаянымның түсіріліміне қатысуға шақырту алады. Сіздердің бейнероликтеріңізді күтемін, ал әзірге өзімнің нұсқамды ұсынайын», – деп жазды Димаш Құдайберген.
Айта кетейік, осыған дейін Димаш Құдайберген қазақтың әйгілі ақыны Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әніне челлендж өткізіп, жеңімпазына шетелде өтетін концерттерінің біріне билет сыйлаған болатын.