$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.04.2021, 17:14
Жаңалықтар

Атырау облысының әкімі пара алды деген күдікке ілінген орынбасарына қатысты сотта куәгер болады

Облыс басшысы орынбасарының кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуге дайын екенін айтқан 

Атырау облысының әкімі пара алды деген күдікке ілінген орынбасарына қатысты сотта куәгер болады
фотосурет: Нұрлан Таубаев, Махамбет Досмұхамбетов

Атырау облысы әкімінің бұрынғы бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаровтың ісіне қатысты тергеу барысында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтен жауап алынды. Бұл туралы azh.kz хабарлайды.

Тергеушінің сұрақтарына жауап бере отырып, ол ТШО-ның «Игілік» бағдарламасы бойынша нысанның құрылыс барысын Атырау облысының әкімдігі бақылайтынын және құрылыс аяқталғаннан кейін объектіні пайдалануға қабылдау актісіне облыстық құрылыс басқармасының басшысы қол қоятынын растады.

Сондай-ақ облыс әкімі қарамағындағы бұрынғы қызметкерлеріне қатысты қазіргі сот процесіне куәгер ретінде шақырылады.

Былтыр қыркүйек айында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевқа қатысты пікір білдірді. Өңір басшысы егер сот Таубаевты кінәлі деп тапса, онда отставкаға өтініш беруге дайын екенін айтты.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 10 қыркүйегінде ұсталған Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаровқа 2 айға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

4 желтоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары мен Құрылыс басқармасының басшысына қатысты қылмыстық істі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтағанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары