Бекіре-2021: браконьерлерге 3,4 млн теңге айыппұл салынды
20 қылмыстық іс қозғалды

30 наурызда Экология, Ішкі істер министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті арасында бекіре және басқа да балық түрлерін сақтау, сондай-ақ олардың уылдырық шашуы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында «Орал-Каспий бассейнінің су айдындарында кең ауқымды «Бекіре-2021» балық қорғау акциясын өткізу туралы» бірлескен бұйрыққа қол қойылды.
Акция басталғаннан бері инспекторлар табиғат қорғау заңнамасын бұзу бойынша 360 деректі анықтап, жолын кесті. Соның нәтижесінде 210 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
33 материал сот органдарына жолданып, браконьерлік және сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген балық түрлерін заңсыз аулау фактілері бойынша 20 қылмыстық іс қозғалды. Тәртіп бұзушыларға 3,4 млн теңге айыппұл салынды.
14,6 тонна балық заңсыз айналымнан алынды: оның ішінде 551,5 келі бекіре тұқымдас балық түрлері, 152 бірлік аулау құралдары, 11 бірлік автомобиль және 28 бірлік су көлігі.
Акция 31 мамырға дейін жалғасады.