ШұғылҮржар ауданында күдікті полиция бөлімінде қайтыс болды

Орынбасарымның кінәсі дәлелденсе, отставкаға кетуге дайынмын – Атырау әкімі

Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінді

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов жақында ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталған бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевқа қатысты пікір білдірді. Өңір басшысы егер сот Таубаевты кінәлі деп тапса, онда отставкаға өтініш беруге дайын екенін айтты.

«Заң бәріне ортақ. Егер тергеу аяқталып, сот оны кінәлі деп тапса, онда мен заң аясында отставкаға кетуге дайынмын. Өтінішімді қабылдау-қабылдамауды Президент шешеді», - деп жауап берген.  

Еске салайық, 10 қыркүйекте 182 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаров ұсталғаны хабарланды. Оларды ел астанасынан Атырауға арнайы келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бір топ қызметкерлері ұстаған.

18 қыркүйекте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімінің орынбасарына қатысты аса ірі көлемде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын растады.

«Күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды», - делінген агенттік таратқан ақпаратта. 

22 қыркүйекте қамауға алынған Атырау облысы әкімінің орынбасары үндеу жасап, кінәсіз екенін дәделдейтінін жеткізді.