$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.09.2020, 15:45
Жаңалықтар

Агенттік жақында ұсталған Атырау облысы әкімінің орынбасарына қатысты пікір білдірді

Күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды

Агенттік жақында ұсталған Атырау облысы әкімінің орынбасарына қатысты пікір білдірді
Фото: Нұрлан Таубаев пен Тимур Басаров

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атырау облысы әкімінің орынбасарына қатысты аса ірі көлемде пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын растады.

«Күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайды», - делінген агенттік таратқан ақпаратта. 

Еске салайық, 10 қыркүйекте 182 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаров ұсталғаны хабарланды. Оларды ел астанасынан Атырауға арнайы келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бір топ қызметкерлері ұстаған.

14 қыркүйекте 182 млн теңге пара алды деп айыпталған атыраулық шенеуніктер тергеу абақтысына қамалды.

Серіктес жаңалықтары