$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.09.2020, 14:19
Жаңалықтар

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қазақстандықтарға 5%-дық кредит беруді бастады

Жеңілдетілген кредит әкімдік кезегінде тұрған азаматтарға беріледі

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі қазақстандықтарға 5%-дық кредит беруді бастады
Фото: ашық дереккөзден

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «5-10-20» – «Шаңырақ» бағдарламасы бойынша несие беруді бастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Биыл «Шаңырақ» пилоттық жобасын жүзеге асыру үшін бюджеттен 210 миллиард теңге бөлу жоспарланған. Оның 90 миллиард теңгесі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне түсті. Бұл қаржыға 7-8 мыңдай отбасын баспанамен қамту көзделіп отыр.

Жылдық мөлшерлемесі 5%-ға тең жеңілдетілген заем алу үшін азаматтар әкімдік кезегінде тұруы тиіс. Сондай-ақ, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде қарыз мөлшерінің кемінде 10%-ын құрайтын бастапқы жарна болуы қажет. Несиелендіру мерзімі – 20 жылға дейін. «Шаңырақ» бағдарламасы аясында жеңілдетілген кредит баспанаға мұқтаж жан ретінде 1986 жылдан бастап 2015 жылды қоса алғанд, әкімдік кезегінде тұрған қазақстандықтарға беріледі.

Бағдарламаға қатысу үшін соңғы алты ай ішінде отбасының әр мүшесіне шаққанда, табыстың бір айлық көлемі 3,1 күнкөріс минимумынан аспауы тиіс. 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап күнкөріс шегі – 32 668 теңгеге тең. Яғни, биыл отбасының әр мүшесіне келетін табыс мөлшері 101 271 теңгеден артық болмауы керек.

«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша пәтер тек жаңа салынған тұрғын үйлерден беріледі. Бұл «5-10-20» бағдарламасы бойынша жергілікті әкімдіктер соғып жатқан несиелік тұрғын үйлер мен жеке құрылыс компаниялары салған баспаналар.

Әкімдіктер тұрғызған кредиттік тұрғын үйлерге 1 шаршы метр үшін келесі баға белгіленген:

  • 240 мың теңгеге дейін – Алматы қаласында,
  • 220 мың теңгеге дейін – Нұр-Сұлтан қаласында,
  • 200 мың теңгеге дейін – Шымкент қаласы мен Алматы маңындағы аймақтарда,
  • 180 мың теңгеге дейін – Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан, Қарағанды қалалары мен Қарағанды облысында,
  • басқа өңірлерде – 160 мың теңгеге дейін болады.
Серіктес жаңалықтары