$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
14.04.2021, 09:09
Жаңалықтар

Коронавирус пен КВИ пневмониясынан қайтыс болғандардың саны жарияланды

Қазақстанда бір тәулікте 31 адам қайтыс болды

Коронавирус пен КВИ пневмониясынан қайтыс болғандардың саны жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі бір тәуліктің ішінде Қазақстандағы қауіпті індеттен қайтыс болған адамдардың санын жариялады. Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 31 адам қайтыс болды. Оның ішінде 26 адам коронавирустан, 5 адам коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды.

Өлім жағдайы Алматы (10), Нұр-Сұлтан (3), Ақтөбе облысы (3), Атырау облысы (4), Қарағанды облысы (5), ШҚО (2), Жамбыл облысы (2), Қостанай облысында (1), Маңғыстау облысында (1) тіркелді. 

Ал 14 сәуірдегі жағдай бойынша 35 821 адам короновирус инфекциясынан (35 322 КВИ+ және 499 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 12 482 пациент стационарда, 23 339 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы науқастар арасында 579 адамның жағдайы ауыр, 162 пациенттің жағдайы өте ауыр екені хабарланды. 117 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Серіктес жаңалықтары