Алматыда вакцинация жұмыстарына студенттер көмекке тартылды
Шаһарда 200-ге жуық егу пункті жұмыс істеп жатыр
Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі, жоғары медициналық колледж директоры Светлана Сұлтанғазиеваның айтуынша, бүгінгі күні Алматыда 200-ге жуық егу пункті жұмыс істеп жатыр. Оның 74-і қалалық емханалар жанынан ашылған, қалғаны мәдениет нысандары, сауда, ойын-сауық орталықтарының, базарлар мен мектептер базасында ашылған. Вакцинация жүргізу үшін барлығы 250 егу пунктін жұмылдыру жоспарланып отыр. Бұль туралы ол өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингінде мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Спикердің келтірген мәліметтеріне сүйенсек, өткен сенбіде, яғни 10 сәуірде Алматыда 11 мың адам вакцина салдырған, жексенбі, яғни 11 сәуірде мегаполистің 6140 тұрғыны екпе алған. Вакцинация басталғалы биылғы жылдың 1 ақпанынан бері коронавирустан 75 660 адам екпе алған, оның ішінде екі компонентін 14 800 адам салдырған.
Қала аудандары бойынша вакцинацияланған тұрғындар туралы ақпарат:
Алатау ауданы — 5590
Алмалы ауданы — 16 665
Әуезов ауданы — 11 560
Бостандық ауданы — 15 250
Жетісу ауданы — 2685
Медеу ауданы — 10 495
Наурызбай ауданы — 4355
Түрксіб ауданы — 9060 адам.
ҚДСБ өкілі қазіргі уақытта егу пункттерінде мамандар тапшылығы жоқ екенін айтты. Егу пункттерінде күнделікті 1700-ден астам медицина қызметкері жұмылдырылған. Сонымен бірге, штаттағы қызметкерлерге көмекке жоғары оқу орындары мен колледжердің студенттерінен еріктілер жолданған, сондай-ақ, пункттерде медициналық оқу орындарының оқытушылары, интерндер кезекшілік атқарады.
«700-ден астам студент СОО мен базарларда орналасқан егу пункттерінде жұмыс істеу үшін алдын ала оқытылған. Студенттер тәжірибелі дәрігерлер мен медбикелердің қарамағында жұмыс істейді. Атап өтерлігі, вакцинацияға жіберілген медицина қызметкерлерінің бәрінің орташа медициналық қызметкер екендігін растайтын сертификаты бар.
700-ден астам студент оқытылып, дайындалды, СОО-да тәжірибеді мебикелер мен дәрігерлердің бақылауында жұмыс істейді. Мұндай рұқсаты жоқтар тіркеуші ретінде жұмыс істейді, екпе алғандардың деректерін базаға енгізіп отырады», - деді Светлана Сұлтанғазиева.
Бір сөзбен айтқанда, өткен аптадан бері алматылықтардың вакцинацияға элекронды үкімет платформасы немесе eGov-мобайл мобильді қосымшасы арқылы жазылу мүмкіндігі бар. Қала тұрғынынан өтініш түсе сала, онымен емхана қызметкерлері жұмыс істейді, оны вакцинациялау кестесіне енгізеді, СМС хабарлама түрінде шақырту жібереді.