$ 524.14  607.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісайдағы өрттен аман қалған екі адам мен бір баланы қандай дәрежеде күйік шалған

Үкіметтің комиссия олардың жасы мен қазіргі жағдайы туралы ақпарат берді

Жетісайдағы өрттен аман қалған екі адам мен бір баланы қандай дәрежеде күйік шалған
Фото: ТЖМ

Вице-премьер Қанат Бозымбаев төрағалық ететін үкіметтік комиссия Түркістан облысының Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы жеке үйде болған өрттен аман қалған үш адамның жағдайы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дереккөзге сүйенсек, құтқарушылар келген кезде 1986 жылы туған азамат үйден өз күшімен шығып үлгерген. Оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Денесінің 12% күйік шалған. 1991 туған адамның 30 пайыз денесін, ал, 2018 жылы туған баланың денесін 11% күйік шалған.

«Өрттің себебі анықталып жатыр. ҚК 292-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиға орнында Өртке қарсы қызмет комитеті мен Тергеу басқармасының басшылық құрамынан құрылған жедел топ жұмыс жүр», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Жетісайда жер үй өртеніп, он екі адам, соның ішінде тоғыз бала тірідей жанып кетті. Одан бөлек, тағы үш адам ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр.

Серіктес жаңалықтары