$ 521.01  603.43  6.42
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісайдағы өрт: Шымкенттен санитарлық авиация бригадасы ұшып шықты

Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады

Жетісайдағы өрт: Шымкенттен санитарлық авиация бригадасы ұшып шықты
Фото: depositphotos.com

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Түркістан облысының Жетісай ауданы Алғабас ауылындағы жеке үйде болған өрттің себептерін тергеп-тексеру бойынша құрылған Үкіметтік комиссия мүшелеріне бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Үкіметтің мәліметіне сүйенсек, төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев, денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев, ішкі істер вице-министрі Санжар Әділов, энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев, оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов және «QazaqGaz Aimaq» АҚ бас директоры Бауыржан Асқаров, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров баяндама жасаған.

«Ауыр хәлде ауруханада жатқан үш адамға жедел медициналық көмек көрсету үшін Шымкенттен санитарлық авиация бригадасы ұшып шықты», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Жетісайда жер үй өртеніп, он екі адам, соның ішінде тоғыз бала тірідей жанып кетті. Одан бөлек, тағы үш адам ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр.

Серіктес жаңалықтары