$ 524.14  607.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жетісайдағы алапат өрт: тірі қалған үш адамның жағдайы ауыр, олар жансақтау бөлімінде жатыр

Барлығы реанимация бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты

Жетісайдағы алапат өрт: тірі қалған үш адамның жағдайы ауыр, олар жансақтау бөлімінде жатыр
Фото: istockphoto.com

Түркістан облысының Жетісай ауданындағы алапат өрттен тірі қалып, ауруханаға жеткізілген үш адамның жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 18 қарашада Жетісай ауданында болған өртке байланысты өңірдің медициналық қызметі зардап шеккендерге жедел түрде көмек көрсетуді бастады.

«Медициналық мекемелерге үш адам – екі ересек және бір бала жеткізілді. Барлығы реанимация бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр, бірақ тұрақты. Науқастарға интенсивті терапияның толық кешені жүргізілуде, олардың жағдайы салалық мамандардың толық бақылауында.

Жедел медицина желісі бойынша күшейтілген жұмыс тәртібі енгізілді. Облыстық денсаулық сақтау мекемелерінен қосымша мамандар тартылып, қажетті дәрі-дәрмекпен және психологиялық қолдаумен қамтамасыз етілді», – делінген ведомство хабарламасында.

Жағдай Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының бақылауында.

Айта кетейік, Жетісай ауданының Алғабас ауылында екі қабатты үй өртеніп, он екі адам, оның ішінде тоғыз бала тірідей жанып кетті.

Серіктес жаңалықтары