Қазақстан ғарыш технологиясын игеруге белсенді атсалыса береді - Тоқаев
12 сәуір – Қазақстанда ғылым қызметкерлерінің күні

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter желісінде ғылым саласының қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтады.
«Осы айтулы датаның аса көрнекті ғалым Қаныш Сәтбаевтың туған күнімен тұспа-тұс келуінің мәні зор. Перспективасы бар ғылыми зерттеулерді қолдау, ұлтымыздың зияткерлік әлеуетін арттыру – сөзсіз шешімін табуға тиісті стратегиялық міндет», - деп жазды.
Одан бөлек, Президент Қазақстан ғарыш технологиясын игеруге белсенді атсалыса беретінін жеткізді.
«Осыдан 60 жыл бұрын адамның ғарышты игеру дәуірі басталды. Юрий Гагариннің Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшуы – әлемдік ғылым дамуының жарқын көрінісі. Қазақстан халықаралық бағдарламаларға, ғарыш технологиясын игеруге белсенді атсалыса береді», - деп жазды.